Қазақстандық Немичтер синхронды жүзуден еркін бағдарлама сайысын 15 орынмен аяқтады

Рио олимпиадасының тоғызыншы күнінде синхронды жүзуден іріктеу кезеңі өтті. Қазақстан атынан апалы-сіңлілі Немичтер бақ сынап, еркін бағдарлама қорытындысы бойынша 24 жұптың ішінде 15 орынға жайғасты. Александра мен Екатерина жұбы еркін бағдарлама көрсетіліміне сәйкес 81.4000 ұпайды еншіледі. Еркін бағдарлама үздіктері 98,0667 ұпаймен ресейлік Наталья Ищенко мен Светлана Ромашина атанса,  екінші орынды екі ұпай айырмашылығымен қытайлық Хуан Сюэчэнь мен Сунь Вэньянь иеленді. Ал үштікті 94.4000 баллмен жапондық Рисако Мицуи және Юкико Инуи жұбы қорытындылады. … Читать далее Қазақстандық Немичтер синхронды жүзуден еркін бағдарлама сайысын 15 орынмен аяқтады